Ақтөбеде ұшқыш мамандарын әзірлеу мәселесі талқыланды

Ақтөбеде ұшқыш мамандарын әзірлеу мәселесі талқыланды
 8 қазан, сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.

Кездесу барысында ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қарбенов аймақ басшысына Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының бұрынғы басшысы Әлім Ибраевтың басқа қызметке ауысуына байланысты жаңа тағайындалған генерал – майор Дәурен Қосановты таныстырды.



Оңдасын Оразалин авиация мамандарын даярлайтын әскери жоғары оқу орны басшысының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.Нұрлан Қарбенов облыс әкіміне болашақта институттың материалдық-техникалық базасының кеңейтіліп жатқанын айтып өтті.

Сондай-ақ, жиын барысында Жем қаласындағы авиациялық әуеайлақты қайта қалыпқа келтіру мәселесі мен ұшқыш мамандарын әзірлеу жайы талқыланды. Ақтөбедегі авиация мамандарын даярлайтын оқу орнынан өткен жылы әуе инженері мамандығы бойынша 75 түлек бітірсе, оның 25 ұшқыш мамандығын аяқтаған.

Источник: city04.kz